Бердібек Сапарбаев: «Теріс ағым жетегінде адасып жүргендер — біздің бауырларымыз»

_saparbaev

Ақтөбе қаласы әкімінің есеп беру жиынында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев теріс ағымда жүргендермен жұмыс жүргізу керектігін тағы да ескертті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

«Теріс ағым жетегінде адасып жүргендер – біздің бауырларымыз. Олар біздің достарымыз, әрі жақын туыстарымыз. Сондықтан, ағайындар, олармен де айналысуымыз керек. Қайда бара жатқанын білеміз. Егер шынымен ислам дінімен байланысты болса, мәселе жоқ. Ал басқа жолмен кетіп бара жатса, ол дұрыс емес», — деді Сапарбаев.

Әкімнің пайымынша, адасқандардың балаларын да ойлау керек.

«Олардың да ертеңі қандай болмақ? Ойланайық. Екпеден бас тарту жөнінде көп айтылады. Жергілікті кәсіпкер әйелдер олармен (теріс жолда жүрген әйелдермен – ред.) жұмыс істемек. Өңірдегі кәсіпкер, белсенді азаматшалар «біз құрбыларымызбен, апа-сіңлілерімізбен жұмыс істейміз» деп жатыр. Олай етпесек болмайды. Балаларын ойлауымыз керек. Олардың ертеңгі денсаулығына да алаңдауымыз керек», — деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаевтың пайымынша, дәрігерлер де түсіндіру жұмыстарын қолға алып, екпе жұмыстарын жүргізудің пайдасын айту керек.

Мұхит Әлжан, Aktobenews.kz

фото: Qazaquni.kz

Пікір қалдырыңыз