Қобда музейі мен Бадамша өнер мектебінің эскиздік жобалары қабылданбады

depositphotos_45121113-stock-photo-scrolls-drawings-and-tools-of

Қобдада салынатын музей мен Қарғалы ауданы Бадамша селосында салынатын өнер мектебінің эскиздік жобалары қабылданбады, — деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«1 миллиардқа бағаланған өнер мектебінің қағаздағы келбеті тым жұтаң, құрылыс материалдары да қарабайыр. Ауылда салынатын мектеп, амбулатория, музей үйлерін қора салғандай етіп салуды тоқтатыңдар», — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

«Жобалар талғамсыз. Барлық жерде бірдей мектеп, бірдей балабақша, бірдей тұрғын үйлер саламыз. Идея жоқ. Ерекшелік жоқ. Жаңашылдық жоқ. Бұрын қалай салып келдік, солай салып жатырмыз. Жобалаушылар сызған эскиздерді өзгертіп, сын-ескерту жасамаймыз. Заман өзгерді, жұрттың сұранысына сай ғимарат салуды, әр ғимаратың сыртқы келбеті ішкі мазмұнына сай болуын ойлап жатқан жоқпыз. Музыка мектебін салдың ба, онда сыртқы келбетінен жұртшылық музыка мектебі екенін бірден түсінуі тиіс. Спорт мектебі де солай», — деді ол.

5 айдан бері облыста Ақтөбенің сәулет құрылысын жобалауға байланысты кеңес жұмыс істегенімен, мемлекеттік мекемелердің қаладағы сәулетшілер, жақсы дизайнерлермен шығармашылық байланысы әлсіз. Осы күнге дейін шенеуніктер мен сәулетші, дизайнерлердің жергілікті одағы жақсы жоба ұсына алмай отыр.

Баян Сәрсембина, Aktobenews.kz

Пікір қалдырыңыз