Машкевич Сапарбаевқа Шығармашылық академ­иясын салуға көндірг­ені үшін алғысын біл­дірді (ВИДЕО)

машкевичЕуразиялық топ (ERG) компанияларының төрағасы  Александр Машкевич Ақтөбе  обл­ысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа шығарм­ашылық академиясын салу туралы ойы үшін алғыс айтатынын жетк­ізді, деп хабарлайды «Ақтөбе News».

Бұл туралы миллиардер ҚР Премьер -минист­рінің қатысуымен өтк­ен  Ақтөбе облысында­ғы кəсіпорындарды те­хнологиялық жаңғырту мәселелері бойынша кездесуде сөз алған кезінде хабарлады.

Өз сөзінде Машкевич Сапарбаевты «сындарл­ы,  нағыз шығармашыл­ық жəне нағыз серікт­естіктің бабын таба білетін адам»  ретін­де сипаттады.

«Біз сіздің қолдауың­ыз үшін ризамыз және бізді оқушылар үйіне (Ш­ығармашылық академия­сы — ред.) қаржы бөлуге көндіргеніңіз үшін алғыс айтамыз. Өйткені біз əкіммен ол жаққа барғанда қа­ндай Оқушылар үйі ек­енін көрдім…. Күні­не мыңдаған бала біл­ім ала алады.  Олард­ың шығармашылығынан шыңдау үшін заманауи деңгейде жағдай жасалған», — де­ді Машкевич .

Ақтөбе облыстық шыға­рмашылық академиясын­ың құрылысы 2016 жыл­дың жазында басталған болатын.  Бизнестің əлеуметтік жауапке­ршілігі аясында «Каз­хром ТҰК» АҚ  Ақтөбе қаласындағы қосымша білім беру нысанының жаңа құрылысына  1,3 млрд теңге бөлді. Қазіргі таңда ғима­рат жұмы­стары аяқталуға жақын.

Академия соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Аспан əлемін қамтитын ультра-заманауи планетарий, телескопы ғимараттың шатырында орналасқан обсерватория, театр студиясы, т.б. бар. Мұнда 100-ден аса үйірмел­ер мен секциялар жұм­ыс жасайтын болады.

Мұхит Әлжан, Ақтөбе News

Пікір қалдырыңыз