Полиция қызметкері 4 жылға сотталды

сурет alau.kz сайтынан

Сот бұрынғы полиция қызметкері, 26 жастағы аға сержант Алтынбек Қалаупты мүліктерін тәркілеп, 4 жыл 6 ай мерзіммен бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін экс-полиция қызметкері пәтер тонағаны үшін айыпты деп танылды.

Естеріңізге сала кейтейік, аға лейтенант Алтынбек Қалауп таныс құрбысының пәтерін тонағаны үшін істі болды. Ол өткен жылы қазан айында дос қызы екеуі сыныптастарымен кездесу үшін «Славянка» кафесіне барады. Қылмыс жасау ойы сол жерде туындайды. Ол қыздың сөмкесінен оның пәтерінің кілтін ұрлап алады. Ұрлықты жалғыз өзі жасай алмайтынын түсінген ол іске өзінің тағы бір танысын шақырады. Бірнеше күннен кейін олар элиталық пәтерден көптеген құнды заттарды қолды етеді. Ұрланған нәрселердің арасында құндыз тондар, алтын әшекейлер, монеталар, сағаттар, тіпті, фотоаппарат та болған. Келтірілген шығынның мөлшері 5 миллион теңге.
Өз кінәсін мойындағаны да, жәбірленушінің шығындарының жартысын кері қайтарғаны да сотталушыны бас бостандығынан айырудан құтқармады.

Пікір қалдырыңыз