Облыс әкімінің есебіне тұрғындарды автобустар ақысыз апарады

Ақтөбеліктерді облыс әкімінің есептік кездесуіне ақысыз апаратын автобустар бөлінеді. Теннис орталығында өтетін есептік кездесуге 22-ақпан күні таңертеңгі сағат 9.00-де тұрғындарды ақысыз жеткізетін және кейін қарай әкелетін арнайы автобустар ұйымдастырылады. Еске салсақ, ертең сағат 11.00-де теннис бойынша мектепте облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тұрғындармен кездесуі өтеді.
Ақысыз автобустар Тұрғындар қалашығы ауданында «Алақай» қуыршақ театрының алдында, «Айна» сауда үйінің алаңында, 12-шағын аудандағы Халық банкі ғимаратының алаңында, Т. Ахтанов атындағы Драма театр алдында және темір жол вокзалы маңында тұрғындарды күтеді.

Пікір қалдырыңыз