Облыс аумағында заңсыз жүрген 108 шетелдік анықталды

Сурет inform.kz сайтынан

15-17 ақпан аралығында өткен «Мигрант» алдын алу шарасы барысында ел аумағында болу ережесін бұзған 287 шетелдік анықталған. Олардың 108-і сот шешімімен ел аумағынан шығарылды. Бұл туралы заңсыз жүретін шетел азаматтарына қарсы миграциялық полиция ұйымдастырған шара барысында белгілі болды.
— Миграциялық полиция қызметкерлері Қазақстан аумағында болу ережесін бұзған шетел азаматтарымен жұмыстар жүргізді. 45 азамат әкімшілік жауапкершілікке тарту ережесін бұзған. Сонымен қатар, шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа тартқан 20 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Көші-қон заңдылығын бұзған шетелдіктерге қарсы 4 қылмыстық іс қозғалды, — дейді көші-қон полиция басқармасының взвод командирі Аслан Қасқырбаев.

Пікір қалдырыңыз