Ақтөбеде асыл тұқымды иттердің көрмесі өтті

«Жұлдыз» кинологиялық орталығы ұйымдастырған аймақаралық  көрмеге 70-ке жуық асыл тұқымды ит қатыстырылды.  Бұл туралы aktobetv.kz сайты хабарлайды.

Олардың түрі де, түстері де бір-біріне ұқсамайды. Курокумо деген лақап аты бар итке қазылар алқасы 2017 жылдың чемпионы атағын табыстады. Ол өткен жылғы көрмеде де «ең көрікті» ит болыпты.

— Менің итім — жапондық ит. Оны Ресейден әкелдім. Чемпион атағын екі мәрте жеңіп алды. Мұндай тұқымдас иттерді  бұрын аңшылық үшін пайдаланған екен. Қабан, аю сияқты үлкен аңдарды да аулай алатын көрінеді, — дейді «итбегі» Светлана Гончаренко.

Иттердің бағалау үшін  Шымкент, Орал қалаларынан арнайы кинолог мамандар сарапшы ретінде шақырылды. Ұйымдастырушылар мұндай шараны тамыз айында тағы өткізуді жоспарлап отыр. Жылына екі рет өтетін шарада қазылар алқасы иттердің алдымен денсаулығына мән берді. Міндетті түрде жануарлардың тістері түгел болуы шарт.

Пікір қалдырыңыз