Алай-дүлей бораннан бір тәулікте 53 адам құтқарылды

Қолайсыз ауа райынан демалыс күндері облыстағы құтқару қызметі үздіксіз жұмыс жасады. Мамандардың ескертуіне құлақ аспай жолға шығып кеткен жолаушылар арнайы техникалардың көмегімен құтқарылған. Жолда қалған 53 адамның екеуі бала.
«Өткен тәулікте барлығы 86 авариялық құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қар құрсауында қалған 53 адамның 33-і эвакуацияланды. Құтқарушылардың көмегімен 9 автомибиль және арнайы 11техника жұмыс жасады. Қазіргі уақытта «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық жолының «Ембі -Шалқар» бөлігі жабық»,-дейді облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкері Динара Атыраубаева.
Қазіргі уақытта облыстағы республикалық маңызы бар жолдар жабық. Құтқару қызметі жолаушылардан тәуекелге бармауды ескертеді.

Пікір қалдырыңыз