Ақтөбеде кәсіпкерлік негіздерін ақысыз үйрету курстары басталды

«Bastau Бизнес» жобасы бойынша оқыту сәуірдің бірінен басталады. Байғанын, Темір, Мұғалжар, Шалқар, Ырғыз және Ойыл сияқты алты ауданда тұрғындар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.
Ал қазір жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік деген бір айлық курстарға жазылу басталды. Тапсырыстар аудандық филиалдарда қабылдануда.
Курсқа оқуға аудандардағы жұмыссыздар келе алады. Сондай-ақ, үй шаруашылығымен айналысып отырған, кәсіпкерлік ашқысы келетін адамдар да ақысыз оқи алады.
«Bastau Бизнес» курсынан айрмашығылы бұл жерде адамдар ұзағырақ оқиды, кәсіпкерлік негіздерінің қыр-сырын тереңірек меңгереді. «Бұл курстан өткен адамдар аудитория алдында сөйлеу, өзінің жобасын қорғау сияқты қасиеттерге үйренеді. Бұл стартап жобаларды қорғау кезінде керек», — дейді палата сарапшысы Бауыржан Даркулов.
Курстардан өткен қатысушылар ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының, сондай-ақ шағын несие ұйымдарының және несие серіктестіктерінің қолдауына ие болады.

Пікір қалдырыңыз