Ақтөбеде өнерлі балалар байқауы өтіп жатыр

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық мәдениет Үйі талантты оқушылар арасында «Жас толқын» балалар шығармашылығы байқауын өткізіп жатыр. Байқау үш жанр бойынша ұйымдастырылады. «Вокал», «Дәстүрлі ән» және «Аспапта орындау» жанрлары бойынша жас дарындар өнер көрсетеді.
16 ақпан күні қалалық мәдениет Үйінің акт залында «Вокал» жанры бойынша іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу кезеңіне қалалық орта мектеп оқушыларынан 59 өнер ұжымы музыканың сүйемелдеуінсіз ән орындап, оның ішінен 30 ұжым келесі кезеңге жолдама алды.
Ал 22 ақпан күні «Дәстүрлі ән» жанры мен «Аспапта орындау» жанрлары бойынша іріктеу кезеңі өткізіледі. Өнерлі балалар байқауға қатысу үшін 21-43-38, 22-24-03 телефондары арқылы хабарласады.

Пікір қалдырыңыз