Димаш алтыншы кезеңде де жеңімпаз атанды

Димаш Құдайберген «Мен әншімін» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы қытайдың әлеуметтік желілері жарыса жазып жатыр. Отандасымыз бұл айналымда әйгілі әнші Лара Фабианның репертуарынан «Adagio» әнін орындап, бірінші орынды иеленген. Қытайдағы Wechat әлеуметтік желісінде «Димаш әнді пианиномен өте жоғары деңгейде орындап, көрермендерді жылатты. Әннің ортасына келгенде жұрттың бәрі орындарынан тұрып, қол соқты. Жанкүйерлердің айғайлаған үні бір сәтке толастамады», — деп жазылған.

Айта кетейік, қазір Димаш Құдайбергеннің әлем бойынша жанкүйерлер саны 2 млрд адамға жетті. «Мен әншімін» байқауының 5-кезеңі Астана уақытымен 18 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан көрсетіледі. Ол кезеңде Димаш Құдайберген бесінші орынды иеленген еді.

Суреттер және дерек: inform.kz

Пікір қалдырыңыз