Ақтөбеде 23 мектеп және 65 балабақша салынады

Ақтөбеде апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы 2017 жылы, үш аусымды оқыту мәселесі 2019 жылы шешіледі. Ал 3 пен 6 жас аралығындағы балалар 2018 жылы балабақшамен толық қамтылады. Биыл Ақтөбе облысында 23 мектептің және 65 балабақшаның құрылысы басталады.
Бұл туралы облыс әкімі Б.Сапарбаев Елбасының қабылдауында болған кезде мәлімдеді. Мемлекет басшысы өңірде балабақша кезегінде тұрған 36 мың баланың бар екенін айтып, балабақшамен қамтуды, бұл мәселені шешуді тапсырған болатын.

Пікір қалдырыңыз