Ақтөбе-Атырау жолы биыл толық аяқталады

Сурет inform.kz сайтынан

Қазақстан бюджетіне ақылы жолдардан жыл сайын 30 млрд. теңге түседі. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлім етті. «2020 жылға қарай 6 мың шақырым республикалық жолдарда кезең-кезеңмен ақылы жүйе енгізіледі, бұл өз кезегінде жыл сайын 30 млрд. теңгеге жуық қаржы жинауға мүмкіндік береді. Оның ішінде 2017 жылы 700 шақырым жол ақылы болады», — деді Скляр. Министрлік мәліметіне қарағанда, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы 4 мың шақырым жолда жұмыс жүргізіледі, оған 100 мың адам тартылады. Жыл соңына дейін 600 шақырым жол пайдалануға беріледі деп күтілуде. Оның ішінде биыл Бейнеу-Ақтау, Ақтөбе-Атырау жолдары толық аяқталады. Бюджет қаржысы есебінен 1 мың шақырымнан асатын жаңа 8 жобаны бастау көзделіп отыр.

Дереккөз: inform.kz

Пікір қалдырыңыз