15 мың теңге пара алған жол-патрульдік полициясының инспекторлары сотталды

Жол-патрульдік полициясының екі қызметкері Ербол Бижанов пен Ерсұлтан Шадыманов 15 мың теңге пара алғандары үшін сотталды. Үкім Зауыт полициясының ғимаратында оқылды.
Іс материалдарынан белгілі болғаны, «Мәскеу» ауданында полиция инспекторлары көлік жүргізушілерін тоқтатқан. Техпаспортын және жүргізуші куәлігін алып кетіп, ақша әкелгенде ғана қайтарып береміз деп қоқан-лоқы көрсетеді. Ал Ресейден келген автожүргізуші өзінің медицина университетінде оқып жүрген танысынан ақша сұрайды. Ал студент бірден сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласады. Параны инспекторлар «Кунжут» дәмханасының алдында қабылдап алған сәттерінде ұсталады. Бірақ, ақша табылмай қалады.
Полиция инспекторлары жасаған қылмыстарын мойындады. Прокурор сотта мүліктерін тәркілеуді және 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сулья Аслан Муканов жазаны жеңілдетіп, екеуіне де 2 жыл 3 ай, 16 күн бас бостандығына айыру және мүліктерін тәркілеу жазасын тағайындады. Енді екеуі де өмір бойы құқық қорғау саласында қызмет ете алмайтын болды.

Пікір қалдырыңыз