Ақтөбеде су басу қаупі басым 38 елді мекен бар

Ақтөбеде су тасқынының алдын алу жұмыстары басталды. Облыс бойынша 38 елді мекен су басу қаупі басым аумақта орналасқан. Онда 13 мыңнан астам адам тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сурет inform.kz сайтынан
Ақтөбе облысында үш үлкен су қоймасы бар. Қарғалы, Сазды, Ақтөбе су қоймалары қазір бақылауға алынды. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы алғашқы жиынды өткізіп, көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын пысықтады. «Су басу қаупі басым ауылдар жыл сайын анықталады. Биыл 38 елді мекен бақылауға алынды. Онда 13 мыңнан астам адам тұрады. Егер төтенше жағдай тіркелсе, тұрғындарды көшіруге 87 бекет дайын. Синоптиктердің болжамы бойынша, ақпан айында жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан аспайды. Ал наурыз айында күн жылып, көктем ерте келуі мүмкін»,- деді облыстық ТЖД бөлім бастығы Құмар Тұрмағамбетов.

inform.kz

Пікір қалдырыңыз