Биыл Ақтөбеде мүгедектерге арналған 2 үй салынады

Бұл туралы облыстық драма театрда өткен есептік кездесуінде мәлімдеді.

— Ақтөбеде мүгедектерге арналған үш үй бар. Ал ол мүмкіндігі шектеулі жандардың сұранысын қанағаттандырмайды, аз болып отыр. Мен арбаға таңылған жанмын. 8 жылдан бері баспана кезегінде тұрмын. Бірақ, әлі күнге пәтер алған жоқпын. Автобустар да, жаяу адамдар жолы да мүгедектерге қолайсыз, арнайы жағдай жасалмаған. Ардамен жүру өте қиын, — деді бірінші топ мүгедегі Марғұлан Жетесов.
Оның сұрағына қала әкімі жауап берді.
— Біз сіздің мәселеңізді жақсы түсінеміз. Мүмкіндігінше сұрақты шешеміз. Биыл Ақтөбеде мүгедектерге арналған екі үй салынады, — деді Ілияс Испанов.

Пікір қалдырыңыз