Ақтөбеде бұқаралық шаңғы тебу жарысы өтеді

«Шаңғы шақырады». Ақпанның 25-і күні Кірпішті елді мекеніндегі «Патон» базасында бұқаралық шаңғы тебуден жарыс өтеді. Бұл жарысты ұйымдастырушылар Астана қаласында өтетін «ЭКСПО — 2017» халықаралық көрмесінің құрметіне өткізеді. Сондай-ақ, «Ақтөбеде қысқы спорт түрлерін дамыту үшін осындай жарыстардың тигізер пайдасы зор» — дейді олар.
Спорт мерекесіне барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Алты жастан бастап, 60 жастан асқан тұрғындар жарыс жолына шығады. 50 метр қашықтықтан бастап, 3 шақырымға дейін жарысады. Желаяқ шаңғышылар жарысы ақпанның 25-сінде сағат таңертеңгі 10.00-де басталады.

Пікір қалдырыңыз