Ақтөбе билігі жұмысшылар мүддесін қорғауды көздейді

Жұмысшылар үшін әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын реттеу үшін облыс әкімдігі, «Южпромснаб» ЖШС басшылығы және аумақтық кәсіподақ бірлестігі арасында меморандумдарға қол қойылды.

Қол қою рәсімі алдында облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов ұжыммен кездесу өткізді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ұжымдық шарттың орындалуы мен кәсіпорынның өндірістік қызметінің нәтижесі жөнінде серіктестіктің бас директоры М.Гринберг есеп берді.
«Южпромснаб» ЖШС 2002 жылы Қазақстанның индустриалды даму бағдарламасына қатысу үшін құрылған. Осы мақсатпен өндірістік қор, механикаландырылған техника және мамандар орны жинақталып қолға алынған. Серіктестік қуатты электроқұрылғыны және мұнай өнімдерін көтерме бөлшектеп сатылуы бойынша бұрыннан келе жатқан бизнес саласында құрылған болатын.
— Компанияның негізгі қызметі инертті материалдар өндіру, пенополиуретан, жиһаз, металл өнімдері, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары, тасымалдау қызметтері және т.б. болып табылады.

Кәсіпорында 819 адам жұмыс жасайды. Өткен жылы орташа айлық жалақысы мен әлеуметтік төлемдер сомасын көтеру бойынша шаралар қабылданды, — деп мәлімдеді бас директор.

Пікір қалдырыңыз