Әйтеке би ауданы ауыл шаруашылығын дамытуға бет бұрды

Бір жыл ішінде Әйтеке би ауданының ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемі 22 % өскен. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығына Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов мәлімдеді.
2016 жылы ауданның барлық ауыл шаруашылығы өндірушілері жалпы көлемі 19,7 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 122,0% құрайды.
Ауданда жыл бойы көкөніс өсіру бойынша шаралар қолға алынуда. Соның бірі «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 7,0 млн. тенгеге жалпы көлемі 270 шаршы метр жылыжай ғимараты салынды. Жылыжай тамшылап суару тәсілімен қияр өсіріп отыр. Болашақта жылыжай көлемін және өндірілетін өнім түрлерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
— Соңғы екі жыл ішінде ауданда Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» мемлекеттік бағдарламалары жақсы орындалуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруда аудан бойынша төленген субсидия көлемі 209,5 млн. теңгені құрады. Алдағы жылы Ақтасты ауылдық округі және Аралтоғай ауылдық округінде сүт өнімдерін өңдеуді дамыту жоспарлануда, — деп атап өтті аудан әкімі

Пікір қалдырыңыз