Хауызға батып кеткен төрт жасар бала ауруханаға жеткізілді

Оқиға жексенбі күні тіркелген. Отбасы мүшелері болып саунаға барған ақтөбелік тұрғынның 4 жасар баласы хауызға батып кеткен. Жеке саунаның хаузында болған оқиғаға байланысты жедел жәрдем қызметі шақырылады.

«Оқиға жеке саунада болған. 4 жасар бала хауыздың суын жұтып қойған. Жедел жәрдем бригадасының көмегімен баланы балалар ауруханасына жеткіздік,-дейді облыстық жедел медициналық жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Ниеталиева.
Хауызға түсіп кеткен баланы әкесі құтқарып алған. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты.
«Кеше ауруханаға демалыс орталығына отбасымен барып, суға құлап, көп мөлшерде су жұтып қойған бүлдіршін әкелінді. Баланы бірден жансақтау бөліміне көтердік. Баланың жағдайы жақсы, бүгіннен бастап палатаға шығарылды»,-дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Қожин.
Демалыс күндері облыстық жедел медициналық жәрдем бекетіне 2600-ден астам шақырту түскен. Оның ішінде 472 бала бар. Дастан Ниеталиеваның айтуынша, балаларға қатысты шақыртулар қаңтармен салыстырғанда азайған. Ал, денесін үсік шалған 30 жастағы ер адам облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.

Пікір қалдырыңыз