Ақтөбелік қария жетім қалған жиендері үшін көмек сұрайды

Зейнеп Қосжанова жиен немерелерін жетектеуге шамасының қалмағанын айтады. Жергілікті билік өкілдері ұйымдастырған қоғамдық қабылдаудан көмек сұрап келген қарияның жетім балаларға жатақхана бұйырса деген тілегі бар.
«Қызым өткен жылдың жазында көз жұмды. 11 жастағы баланы өзім тәрбиелеп отырмын. Балалар үйіне қимадым.Тірі кезімде балалардың атына есепшот ашып, қор жинағым келеді. Әкімге рахмет, бүгін барлық маманды бір жерге жинап, қабылдау жасап жатыр. Осы жерге келіп, көп нәрсені сұрап алып жатырмын. Өзімнің екі балам болды. Бір ұл, бір қыз. Ұлым бала-шағасымен бөлек тұрады», -дейді Зейнеп Қосжанова.
Сондай-ақ, қария жиен қызынан туған ұлды да бағып отыр. «Жаздан бері баланың атына 20 мың теңгеден салып отырмын. Ауырған кезде дәріге жұмсап, 20 мыңды шотқа салған кезде өзімізге ауыспай қалады. Мына жақтағы мамандардан соны аздап салуға бола ма деп сұрап келіп едім. 5000 теңгеден үш айда бір рет салуға болады екен. Өлгенше осыларға көмегім тисе деп шапқылап жүрмін. Жасым 74-ке қарады. Қашанғы жүрермін дейсің, кішкентайға аздап көмектескім келеді. Жиен немерем күйеуінен ажырасты, баламен пәтер жалдап жүр. Соған жатақхана бола ма деп сұрап жүрмін», — Зейнеп Қосжанова.

Пікір қалдырыңыз