Ақтөбелік билік 700 адамның талап-тілегіне құлақ түрді

Ақтөбе қаласының әкімдігі екі күн қатарынан өткізген Ашық есік күніне 700-ден астам тұрғын келді.

Бұл қоғамдық қабылдау бұрынғыдан өзгерек. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театр ұйымдастырған шараға Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік органдардың, коммуналдық мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшыларын және өзінің орынбасарларын қала әкімі Ілияс Испанов өзі бастап келіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады. Тұрғындарға проблемаларын, толғандырған сұрақтарын айтуға, шешуге мүмкіндік берілді.

Ақтөбеліктер баспана, жер мәселелерін көтерді. Қаланың айналасындағы елді мекендерді абаттандыруды, көшелерге жол салып беруді, қоғамдық көліктерді реттеуді, қаңғыбас иттерді азайтуды сұрады.

 

Пікір қалдырыңыз