Ақтөбеде И.Ильиндер өсіп келеді

Ақтөбеде болашақ Илья Ильиндерді шыңдайтын спорттық орта қалыптасып келеді. Бұл туралы білектілердің басын қосқан чемпионатта ардагер спортшылар мәлім етті.

Ақтөбедегі «Юность» жастардың спорт кешенінде ауыр атлетикадан чемпионат ұйымдастырылды. Екі күн бойы өткен жарысқа Ақтөбеден және оның аудандарынан бөлек, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарынан 100-ден астам жасөспірім қатысты. Бұл шараны Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ауыр атлетикадан облыстық спорт федерациясы ұйымдастырды.

30 келіден жоғары салмақ дережедегі балалар бақ сынады.

— Ақтөбеде ауыр атлетика жақсы дамып келеді. Мен өзім осы спорт түрімен көп жылдар айналыстым. 1975 жылы осы «Юность» спорт кешеніне келгенімді, осы балалардай жеңімпаз болуға құштар едім, — дейді Виктор Дутко.

Пікір қалдырыңыз