Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға басымдық берілді

Мәртөк  ауданында  жақында  құрылған  «Байнассай  Агро»  коопертивінің  жоспары  зор.  Құрамындағы  бір  шаруа  қожалығы  мен  20  жеке  тұлғаның  80-нен  астам  малын  бағып  отыр.  Алдағы  көктемде  сиыр  сүтін  көтерме  саудаға шығаруды  жоспарлап  отыр.  Қазір  ірі  қараның  етті  тұқымын  көбейту  үшін  1000  басқа  арналған  қора  салып  жатыр.

— 709  гектар  жеріміз  бар. Биыл  аудан  әкімдігіне  өтініш  жасап,  тағы  да  1000 гектар  жер  алмақпыз.  Шабындық,  жайылым  жерлер  керек.  Көктемде  сүт  таситын  машина  сатып  алатын  болып  отырмыз.  Сүтті  нарыққа  шығару  үшін сондай  көлік  қажет,  —  дейді  копператив  басшысы  Дамир  Төлегенов.

Пікір қалдырыңыз