Аязға байланысты сабақ ресми тоқтатылған жоқ

Бүгін таңертең сынап бағаны — 33 градусты көрсетті. Кейбір ата-аналар балаларын сабаққа жібермей қалды. Әр мектепте 20-30 баладан ғана сабаққа келген. Ал қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, сабақтан ресми түрде босату туралы бұйрық болмаған. Бірақ, бұрынғы бұйрық бойынша температуралық режимнің арнайы кестесі бар. Онда — 25 градустан төмен болса, бастауыш класс оқушылары оқымайды. Ал сынап бағаны — 27-ге дейін сырғыса, 9 класқа дейінгілер сабаққа бармайды. — 30 градус аязды күндері жоғары класс оқушылары да сабақтан босатылады. Дегенмен, мектепке келген балалар болса, мұғалімдер оқыта береді, үйлеріне қайтармайды. Айта кетсек, қалада 71 мектеп бар, 52 мемлекеттік және 56 жеке балабақша бар.

Пікір қалдырыңыз