Қоғамдық қабылдауға келген жұрт қала әкімін «қоршап алды» (Видео)

Бүгін облыстық драма театрында қала әкімдігі ұйымдастырған ашық есік күні өтті. Бірақ, қала басшылығы халықтың мұншалықты көп келетінін күткен жоқ.
Қоғамдық қабылдауға 500-ден астам тұрғын келді. Қала әкімі Ілияс Испанов халық алдына өзі шықты. Осыны күткен жұрт шаһар басшысын бірден қаумалап, қоршап алды. Әркім өз сұрағының жауабын алғысы келіп, жамырасты. Кейбіреулері әкімге үшбу хат ұстатты. Халық арасынан әрең шыққан Ілияс Испанов қабылдауды жеке кабинетте жалғастырды.
— Бүгін айтылған көп сұрақтың шешімін лезде бере алмаймыз. Бұл сұрақтар қатарында әлеуметтік үйлер, жер бөлу мәселелері бар. Қазір төлем қабілеттілігі барлардың көпшілігі баспана алып үлгерді. Енді төлеуге мүмкіндігі жоқ адамдар қалды. Олардың жинақтары да жоқ. Ал жер бойынша 112 мың адам тұр, — деді қала әкімі.

Пікір қалдырыңыз