Мәжіліс депутаттары Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшыларымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісініңдепутаттары — Аманжан Жамалов, Сапархан Омаров, Глеб Щегельский, Артур Платонов, Дания Еспаева мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру мақсатында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының еңбек ұжымымен кездесті.

— Бұл құжат тек тарихи маңызға ие болып қана қоймай, әразаматтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды ойластырылып, дәйекті жазылған,қаржыландырылған нақты бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарламаларды әдеттегідей күш-жігерімізді біріктіре отырып, қысқа мерзімнің ішінде жүзегеасырар болсақ, аталған мақсатқа ертерек қол жеткізеріміз анық, — деді депутат Артур Платонов.

Мәжіліс депутаттары зауыттың тыныс-тіршілігімен танысып, әлемдетеңдесі жоқ жаңа №4 цехтағы металл балқыту үрдісіне куә болды.
Зауытта әр түрлі мамандықты игерген 4 мыңнан астам адамтабысты еңбек етеді. Оның 3 мыңнан астамы «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Зауыт жұмысшылары Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына қолдау білдірді.

-Елбасының биылғы Жолдауында назарымды ерекше аударғаны — «Нұрлы жер»тұрғын үй бағдарламасы болды. Осы бағдарлама 15 жылда 1,5 миллион отбасынбаспанамен қамту көзделген. Яғни үйсіз жүрген жастарымыздың баспаналы болуына мүмкіндік туып отыр. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасының да тиімділігі жоғары. Сол сияқты Қазақстан азаматтарының өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алуы, зейнетақы мен бала туылғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемінің артуы – елдің бүгіні мен болашағы үшін жасалған игі бастама деп ойлаймын, — деді Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы №1 балқыту цехының балқытушысы Ғаныбек Есенжолов.

Пікір қалдырыңыз