Ақтөбе қаласындағы аукционда балабақшалар құрылысы үшін 12 жер учаскесі сатылды

Ақтөбе қалалық әкімдігінде  мектепке дейінгі ұйымдар құрылысы үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша бірінші аукцион өтті.

Аукционға 12 жер учаскесі шығарылды: Ақжар-2 ауылы, Ясный-2 а.,Оңтүстік-Батыс-2 т/м, Рауан т/м, , Қызылжар т/м, Бауырластар-2 т/м, Сазды аулы. Бастапқы бағасы жер учаскесінің алаңына байланысты 154 мың теңгеден 1,1 млн.теңгеге дейін.
Аукционға 20 адам қатысты. Бастапқы құны 4 млн. теңге бойынша 12 жеручаскесі 45,6 млн. теңгеге сатылды. Аукцион қорытындысы бойынша Оңтүстік -Батыс 2-де орналасқан учаскесіне ең жоғары баға -15,6 млн. теңге төленді. Бұл учаскенің бастапқы құны 1, 1 млн теңге құрады.
Келесі аукцион мектепке дейінгі ұйымдардың орналастыру және қызмет көрсету үшін 2017 жылы 10 ақпанда сағат 11.00-де қалалық әкімдік ғимаратында Ахтанов к-сі 50, 31 каб. өтеді.
Аукционға 14 жер учаскесі шығарылады: Қанағат т/м, Елекауылы, Садовое а., Қарғалы ауылы (Нұр-Ақтөбе), «Батыс-2» ш/а, Пригородное а., К. Нокин а. (Опытный а.), Украинка а., Бекқұл баба ауылы (Красносельское а.), Заречный-3 т/м, Ақжар т/м, 41 разъезд, Өрлеу а. (Россовхоз).

Пікір қалдырыңыз