Ақтөбелік шенеунікті алдап ақша алған алаяқтың соты басталды

«Азери Медикал» ЖШС директоры Ботагөз Биекеноваға ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін айып тағылды.

Бүгін №2 Ақтөбе қалалық сотында Ботагөз Биекеноваға қатысты қылмыстық іс басталды. Оған 5 адамды алдап, миллиондарды иеленген деген айып тағылды. Ол құрбандарының сеніміне кіру арқылы 2014 жылдан бастап 2016 жылдың ақпан айына дейін ақша алып отырған. Бірігіп бизнес жасап, ортақ кәсіп ашамыз деп Қалиевтен 2 млн 105 мың теңге және екінші арызданушыдан туысқанын «Қазақойл» мұнай компаниясына жұмысқа кіргізіп беремін деген уәдемен 368 520 теңге алған. Тағы бір адамнан Астана қаласынан үй алуға көмектесу үшін 3 670 400 теңгесін иеленген. Келесісінен әкесіне шетелде ем жасатамын деп 3 729 250 теңге алады. Алданғандар қатарында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмат Ермағанбетов те бар. Ол бір қызын Назарбаев зияткерлік мектебіне, екінші қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін 7 183 000 мың теңге берген. Қыздарын оқыту үшін ірі көлемде сыйлық жасаған шенеунік жұмыстан қуылған болатын.
«Азери медикал» ЖШС директоры болған Ботакөз Биекенова қатысты қылмыстық істі судья Әлима Әділова қарап жатыр.

Ардан СЕРДАЛЫ

Пікір қалдырыңыз