«Ақтөбе» ФК ресми бойтұмарын жариялады

«Ақтөбе» футбол клубының өзінің ресми бойтұмары пайда болды. «Тентек» баланың бейнесі алып қуыршақ түрінде Қобыланды батыр стадионының алдына орнатылады. Ал ойын кезінде көрерменнің көңілін көтеру үшін мінберге шығарылады. Өмірге құштар, көңілді балақайдың бейнесі «Ақтөбе» футболының ең басты жанкүйеріне айналмақ. «Тентектің» өзінің ойыншыға тән нөмірі болады. Әр матч кезінде алып қуыршақ 50-ші нөмірлі болып алаңға шығады. 50 саны бекер таңдалып алынған жоқ. Себебі, биыл Ақтөбе футбол командасы құрылғанына жарты ғасырлық мерейтойын атап өтпек.

Пікір қалдырыңыз