Қала әкімі: Жол ақысы қымбаттамайды

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов облыстық филармонияда халық алдында есеп берді. Қала басшысы қоғамдық көліктердегі жол ақысын көтеруді сұрап жүрген «Автопарк» мекемесіне жауабын айтты.  

«Қоғамдық көлік тасымалына жауапты мамандар 55 теңгені арзан дейді. Жол ақысының бағасын көтеруге біз қазір көніп отырған жоқпыз. Бізге ол керек емес. Одан да басқа нәрселер көтеріліп жатыр»,-деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Қалада 496 аялдама бар. 190 аялдамада қоғамдық көлік тоқтайтын арнайы жолақ қарастырылмаған. Ал 111 аялдамада арнайы павильоны жоқ. Биыл бұл жұмысты әрі қарай жалғастыруға бюджеттен 33 миллион теңге қарастырылған. Барлығы 70 аялдамаға жаңбыр мен күн көзінен, желден қорғайтын павильон тұрғызылады.

А.Сердалы

 

 

Пікір қалдырыңыз