Кәсіпкер үшін тексеруден құтылудың жолы қандай?

Санитарлық-эпидемиологиялық аудиттің кемшілігінен гөрі, берері мол. «Ақтөбе сарапшы» ЖШС маманы Рузалия Шакирзянова осылай деп мәлімдеді.
Бұл аудит түрі санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қажет ететін нысандарда санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін бірден-бір құрал.
Мәселен, балабақша арнайы маманмен аудиттік тексеру туралы келісім шарт жасасады. Тексеруден соң, нысанның санитарлық талаптарға сай екені туралы есепті алады. Аудиторлық есеп — нысанды ерекше талап бойынша органдардың тексеруі белгіленген кестеден алып тастаудың оңтайлы жолы.
Мамандардың айтуынша, «Ақтөбе сарапшы» орталығы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын толық тексеруден өткізуге мүдделі. Егер, олқылықтар, заң талаптарының сәйкессіздігі анықталса, кәсіпкерлерге кемшіліктерді жоюға көмектеседі. «Бұл тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті жүргізетін тексерулермен бірдей. Тексеру кезінде азық-түлік, қызметкерлер құрамы және еңбек жағдайы қаперге алынады, — дейді Рузалия Шакирзянова. — Айырмасы сол, департамент тексеру кезінде анықталған кемшіліктер бойынша, әкімшілік айппұл салады, жауапкершілікке тартады, балабақшаны жауап та тастай алады, ал аудиторлық тексерулер кезінде мұндай әкімшілік шараларға жол берілмейді. Біз кемшіліктерді түзетуге көмектесеміз, кеңес береміз. Нысанның иесіне уақыт береміз».
Санэпидаудит – ерікті түрде жасалатын тексеру. Ол тек нысан иесінің өтініші бойынша жүргізіледі.

Пікір қалдырыңыз