Бұрынғы мемлекеттік қызметші М.Габидуллиннің жазасын өтеу мерзімі қысқарды

Еңбек инспекциясының экс-басшысы Марат Габидуллиннің жазасын өтеу мерзімі қысқарды. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылыққа іліккен ол енді түрмеде қалған 5 жыл 3 айдың орнына 2 жыл 7 ай отыратын болды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салсақ, 2014 жылы сот пара алғаны үшін айпты деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. 63 жастағы Ғабидуллин түрмеден жазасын жеңілдету туралы сотқа өтініш жолдаған болатын. Ол кезде сот сыбайлас жемқорлық әрекетін қылмыстың ауыр түріне балап, жазасын жеңілдетуден бас тартқан болатын. Енді Ғабидуллин рақымшылық туралы заңның шапағатын көретін болды.
Бұдан бұрын белгілі болғадай, М.Ғабидуллин «HSE Consulting group» ЖШС қызметкерінен пара алғаны үшін сотталды. Ал екінші факті бойынша мемлекеттік қызметші 3 мың доллар пара алып, өндірістегі өлімді жасырып қалғаны үшін айыпталды. Сондай-ақ, Ғабидуллин «Актобе ТЭЦ» басшылығынан да пара талап еткен.

Ләззат Алпысбаева

Пікір қалдырыңыз