Ақтөбенің аумағында бірқатар жолдар жабылды

Ақтөбенің аумағында ауа райы қысқа күнде қырық құбылды. Жаяу бұрқасын соғып, жел екпінің күшейгеніне байланысты өткен түнде бірқатар автокөлік жолдары жабылды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мәліметіне сәйкес, бүгін түске дейін сағат 10:15-те Қаңдыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз бағытындағы жол бөлігінде қозғалыс шектелді. Қалған бағыттарға жол ашық. Алайда, мамандар автокөлік жүргізушілеріне және жолаушыларға алыс жолға шықпауды ескертеді. Және төтенше жағдайлар қызметі жіберіп отыратын смс-хабарландыруларға құлақ түрген дұрыс.

Пікір қалдырыңыз