Ақтөбе сотында футболшы Маркос Пизеллидің талап арызы бойынша тыңдау басталды

Маркос Пиззелли «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ -ның үстінен еңбеқасын төлемей отыр деп талап арыз түсірген. Еңбекақы бойынша берешек — 4 991 833 теңге және өтемақы — 58 432 361 теңге. Осындай соманы футболшы талап етіп отыр деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Футболшының айтуынша, 2014 жылдың ақпан айында «Ақтөбе» ОФК» АҚ мен
Pinheiro Pizzelli Marcos арасында еңбек келісім шартына қол қойылған. Осы құжатқа сәйкес, Пизеллиге ай сайын 60 000 доллар еңбекақы және ай сайын 15 000 доллар көтермеақы тағайындалып, кәсіби футболшы ретінде жұмысқа қабылданады. 2015 жылдың 31 желтоқсанында еңбек келісім шарты тоқтатылды. Бірақ, осы күнге дейін футбол клубы Пизеллиге еңбекақысы мен өтемақысын төлемей отыр. Бүгінгі күні осы азаматтық іс сотта қаралу үстінде.

Ләззат Алпысбаева

Пікір қалдырыңыз