Мәжіліс депутаттары кәсіпкерлердің сұрақтарын шешуге уәде берді

Бұл туралы Мәжіліс депутаттары ақтөбелік бизнес-қауымдастығының өкілдерімен кәсіпкерлер палатасында өткен кездесу кезінде мәлімдеді.

Бизнес өкілдеріне халық қалаулылары кәсіпкерлік жүргізу үшін Жолдауда беруге міндеттелген 16 млн. теңге несиені алу жолдарын түсіндірді.
Аманжан Жамаловтың айтуынша, шағын және орта бизнес секторының дамуы еліміз бойынша Ақтөбе облысында қарқынды. Депутаттар тек жолдауды айтып қана қоймады, бизнесмендердің сұрақтарына, шағымдарына және ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді. Оның ішінде кәсіпкерлер әкімшілік кедергілердің көп екенін, салық органдарының, санитарлық талаптарға рұқсат беретін органдардың кедергілеріне жиі кезігетіндерін айтып қалды. Олар электронды және қағаз түрінде қайта-қайта екі мәрте есеп сұралатынын айтып шағымданды.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің құжаттарға жауап қайтару мерзімдерін жиі бұзатыны да айтылды. Осы тұрғыда оларға деген талап қатаң болуы керек дейді кәсіпкерлер.

Пікір қалдырыңыз