Ақтөбеліктерді қала әкімдігі жеке сұрақтарымен қабылдайды

9 ақпанда Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театр ғимаратында қала әкімдігі азаматтар үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастырады. Сол күні таңертең сағат оннан түскі 13.00-ге дейін кез келген тұрғын алдын ала жазылмастан, жеке сұрағымен келе алады.
Ақтөбеліктердің сұрақтарына, ұсыныс-тілектеріне қаланың мемлекеттік мекемелерінің басшылары жауап береді. Оның ішінде, білім бөлімінің, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік, жолаушылар көлігі, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің, тұрғын үй қорын есепке алу секторының басшылары бар. Сондай-ақ, өз сұрақтарыңызды жергілікті полиция қызметкерлеріне, мемлекеттік кіріс басқармасының, «Тұрғын үй жинақ банкінің» және тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының өкілдеріне қоюға болады.

Пікір қалдырыңыз