Облыс жолдарында 70 адам қар құрсауынан құтқарылды

Өткен тәулікте Ақтөбе облысының жолдарында қар құрсауында қалған 70 адам құтқарылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөнінідегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Құтқарушылар құтқарған 70 жолаушының алтауы балалар. Жел екпіні секундына 20 метрге дейін күшейіп, қарлы бұрқасынның соңы ақтүтек борандарға ұласуына байланысты Ақтөбе облысының жолдары жабылды. Ескертпелер, көптеген смс хабарларға қарамастан, кейбір тұрғындар алыс жолға шығып, қар құрсауында қалған.
Құтқарылған жолаушылардың бәрі де жылыту пункттеріне орналастырылған. Қазіргі уақытта республкалық маңызы бар 8 трасса және 6 облыстық жол жабық күйінде қалып отыр.
Алғаға қарай бағыттағы жол ашылды. Жолдарда қар тазалағыш техникалар жұмыс жасап жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жолдар күн райына қарай кешқұрым ашылуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз