Облыс жолдары ашылды

«Қазавтожол» мекемесінің хабарлауынша, бүгін күннің екінші жартысында республикалық маңызы бар жолдар ашылды. Қозғалыс қайта қалпына келтірілді. Мәселен, «Самара-Шымкент» автожолының 526-1248 шақырымындағы шектеу алынып тасталды. Сондай-ақ, Қарабұтақ-Комсомол бағытындағы жол ашылды. «Ақтөбе-Атырау-Астархань» жолының 11 шақырымынан 92 шақырымына дейінгі бөлігінде де жүруге рұқсат бар. Бірақ, Атырау жолының 92-ші шақырымы әзірге жабық.
«Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолы 401-ші шақырымына дейін ашық. Сондай-ақ, «Ақтөбе-Орск» жолының шакараға дейінгі бөлігінде қозғалыс бар. Дегенмен , жолдың сол жақ қапталы қарға көмілген. Қазір «Қазавтожол» мекемесі қар аршуды жалғастыруда.

Пікір қалдырыңыз