Ақтөбеде өртенген үйдің тұрғындары құтқарылды

Өртенген үйден 10 адам құтқарылды. Оның екеуі бала. Оқиға Әбілхайыр хан даңғылы, 76 үйде болған. Екінші қабаттың кіреберісі өртеніп, өрт жалын 25 шаршы метр аумақты қамтыған.
Түн ортасында болған өрт қалың ұйқыда жатқан тұрғындарды даурықтырды.
Өрт кезінде иістен уланған бес адам жедел жәрдеммен жеткізіліп, аурухана дәрігерлері көмек берді.

— Қазір өрттің себеп-салдары мен шығыны анықталып жатыр. Түскен материалды полиция бөлімі тексеріп жатыр, — дейді Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Мейрамғали Жұмашев.

Н.ЖАМАЛОВА.

Пікір қалдырыңыз