47 жастағы тұрғынның мүрдесі табылды

47 жастағы ақтөбелік тұрғын өрттің салдарынан көз жұмды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпар таратты.

Оқиға бүгін түсте 25 қабатты «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешеніндегі бір пәтерде орын алған. Өрт үйдегі жиһаздардың, заттардың өртенуінен басталған. Түтіннің салдарынан дем жетпей, жоғары қабаттың тұрғындары құтқарылды. 15 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды.
Өрттен кейін 47 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, темекі шеккен үйде қауіпсіздік ережелері сақталмаған.

Пікір қалдырыңыз