Ақтөбеде арнайы қабылдау бекетіне 448 ескі көлік тапсырылды

Қабылдау бекеті күніге 10 көлікті қабылдайды. Ескі көліктердің бағасы  150 мың теңгеге дейін бағаланады. Пайдаға аспай қалған көлігін 48 мың теңгеге сатқан тұрғындар да бар.

Тат басқан ескі көліктерді қабылдау үшін қалалық әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылды. Саяжайлармен аулаларда кәдеге аспай тұрған темір көліктердің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Аулаішілік немесе саяжайларда тұрған көліктерді тауып, солардың иелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Жаңа бағадарламаның тиімділігі айтылады. Қазіргі уақытта қабылдау бекеті 447 көлікті 150 мың теңгеге бағалап, сатып алды. Тұрғындар өз еріктерімен келісіп жатыр. Мүлде жарамсыз болып қалған көлік иесіне 48 мың теңге табысталды. Қазіргі уақытта барлығы 448 адамнан ескі көлік қабылданды»,-дейді қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров.

Алыс ауылда тұратын тұрғындар кезек күтпес үшін электронды кезекке тұру тәртібі де қаралған. Ескі көліктерді тапсыруға байланысты шараға полиция қызметкерлері мен басқарушы компанияның өкілдері де қатысып жатыр.

Ардан СЕРДАЛЫ

Пікір қалдырыңыз