Ақтөбеде 1353 адамды ит қапқан

Ақтөбеде өткен жылы 1353 адамды ит қапқан. Бәрі де медициналық көмекке жүгінген. Бұл туралы Ақтөбе қалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы Гауһар Игілікова айтып отыр.
Ит қапқан мыңнан астам адам құтырма ауруына шалдығып кетуден қауіптеніп, әрине бірден алдын алу үшін епке алған. Егер, адам құтырмаға шалдықса, ол үш айдан бір жылға дейін созылып кетуі мүмкін. Мұндайда мамандар соңы өлім-жітіммен аяқталады деп алаңдап отыр.
Қазір қала бойынша күл-қоқыс жәшіктерінің маңында өріп жүрген ит-мысықтардың көзін жою қолға алынды. 5304 қаңғыбас ит пен 55 иесіз мысық ауланған.
— Сыртта ғана емес, үйде өзіңіз бағып отырған үй жануары тістеп немесе тырнап алған жағдайда да дәрігерге көріну керек. Сырттай сау болып көрінген жануарда да құтырма ауруының белгілері болуы мүмкін. Бірден екпе алу қажет, — дейді Г.Игілікова.

Н.ЖАМАЛОВА.

Пікір қалдырыңыз