Депутаттар екпеден бас тартқандармен түсіндіру жұмыстарын өткізеді

Бүгін Ақтөбедегі «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында  қоғамдық тыңдау өтті. Талқылауға тасталған мәселе туберкулезге қарсы кешенді күрестің тиімділігі және вакцинацияға адамдардың сенімін қайтару.

Жаңа туған балаларына екпеден бас тартатын ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуге енді қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, басқармалардың басшылары қатысатын болады. Олар өңірдегі өзекті мәселені шешудің жолдарын бірігіп қаралатынын айтты.

«100 мың халыққа шаққанда науқастардың саны 50-ден төмен болса жағдай бірқалыпты. Биыл жылдың соңына дейін өңірде осы көрсеткішке қол жеткізу жоспары тұр. Баласына екпе жасатудан бас тартатын ата-аналармен жұмысты тоқтатпауымыз керек»,-дейді облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің бас дәрігері Ерлан Тәтімов.

Ақтөбе облысының бас дәрігері Әсет Қалиев осыған дейінгі жылдық есебінде баласына вакцина салдыртудан бас тартатын ата-аналардың көбейіп кеткенін айтқан болатын. Өңірде бір рет  те екпе салдыртпаған 400-ге жуық бала бар. Олардың дені діни көзқарастағылар . Облыстағы  екпе жасатудан бас тартқандардың дені Темір мен Мұғалжар ауданында тұрады.

А.СЕРДАЛЫ

Пікір қалдырыңыз