Бердібек Сапарбаев: Біз Елбасы жолдауын орындау үшін бар күшімізді саламыз

Ақтөбе облысының әкімдігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған облыс активі өтті.

Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында өңірде геологиялық барлау жұмыстары күшейтілетінін жеткізді. Өнімді қайта өңдеу деңгейін жоғарылататын ауыл шаруашылық кооперативтерін құру жұмыстары жалғасатын болады. Бүгінде 104 кооператив бар болса, жуырда әр ауданда сүт пен ет өңдеу цехы жұмыс жасайды деп жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығының әр саласына жаңа технологияларды енгізіп, суармалы жерлердің аумағын ұлғайту қажет. 2015 жылы суармалы жерлердің көлемі 12 гектарды құраса, 2016 жылы 18 300 гектарға кеңейді. Бұдан өзге, 19 500 гектар суармалы жерді қайта қалпына келтіру үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды.

Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының азық-түлік тауарларын экспорттауды ұлғайту, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы мен жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын тиімді жүзеге асырып, үлкен қалалар мен оларға жақын орналасқан елді мепкендер арасындағы көлік қатынасын, мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту, білім сапасын жақсартып, үштілділікті дамыту және т.б. үшін облыс бар күшін салатынын баса айтты.
Шара кезінде Президент Жолдауын қолдап, оны жүзеге асыру үшін облыс халқын шақырған қоғамдық ұйымдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары да сөз сөйледі.
Облыс әкімі: «Президент Жолдауын бүгіннен бастап орындау үшін барлық шараларды қолға алу керек»,-деген тапсырма қойды.

Пікір қалдырыңыз