Ақтөбеде өткен жылы ұрлықпен байланысты 10258 қылмыс тіркелген

2016 жылы облыста 10258 ұрлық тіркелген. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 0,6
пайызға артық. Оның ішінде пәтер тонау жағдайлары полиция қызметкерлерін алаңдатып отыр. Бұл 19,4 пайызды құраған.
Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Әлиевтің айтуынша, ұрлықпен күресте домофондар мен бұғатталған құлыптар аса тиімді еместігін көрсеткен. Тәртіп сақшылары қылмыс көп тіркелетін аулаларға 260 бейнекамера орнатқан. Бұл полиция учаскесіне ақпарат түсіріп отырады.
«Бейне бақылау камералары тиімділігін көрсетті. Мысалы, біздің ұсынысымызбен бейне бақылау камералары орнатылған оқу орындарында ұрлық саны азайды. Бүгінгі күні 432 мектептің 146-сына және 41 колледждің 27-сіне камера орнатылды. Нәтижесінде, оқу орындарындағы ұрлық саны 49 пайызға қысқарды десек, оның ішінде телефондар ұрлау жағдайлары екі есе азайды», — дейді Қанат Әлиев.

Пікір қалдырыңыз