Қалада вирусты инфекция мен тұмау өршіп тұр

Мамандар тұрғындарға сақтық шараларын жасауды ескенртіп,  дабыл қағады. Қазір қаладажедел респираторлывирусты инфекция мен тұмау өршіп тұр.

— Қазан айынан бері 1727 адам тұмау жұқтырған. Олардың дені-балалар. Бұл тек дәрігерге тіркелгені, үйінде өздері ем жасағандары қаншама. Екпе алғандардың көрсеткішіне қарап, тұмаудан ақтөбеліктердің 10 пайызы ғана қорғалған деп айтуымызға болады. Қала тұрғындарына тұмауға қарсы екпе салу үшін жергілікті бюджеттен 11 млн.758 мың теңгеден астам қаржы бөлінді. Өткен жылдың қазан-қараша айларында «Гриппол» вакцинасын ақтөбеліктердің 10 пайызы ғана алды. Ол әлеуметік осал топқа жататын қала тұрғындарына жасалынды,- дейді қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Жайдар Құрманов.

Санитар мамандар ақтөбеліктерден жеке бас гигиенасын сақтап, қоғамдық жерлерге көп бармауды сұрайды. Сырттан келгеннен кейін қолыңызды төрт қайтара жууға кеңес береді.

Ардан Сердалы

 

Пікір қалдырыңыз