Ақтөбеде 193 адамға 24 млн. теңге қайырымдылық берілді

Ақтөбе облысында 193 мұқтаж жанға «Парыз» қорынан 23,9 млн. теңгеге көмек көрсетілді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Атап айтқанда, осы көмек аясында Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылының тұрғыны Нагиев Рахат ақсақалға тұрғын үйін жөндеуге 503 мың теңге қаражат берілді. Жөндеу жұмыстарын «Қайрат» ЖШС жасайды.
Мұғалжар ауданындағы Ембі қаласының тұрғыны, жетім балалар үйінің түлегі Әмір Жағабаевқа баспана беріліп, пәтерді жөндеу үшін қаржы қоса берілді.
Еске салсақ, 2016 жылғы қараша айында облыс әкімінің бастамасымен Ақтөбеде «Парыз» қайырымдылық қоры құрылып, оған мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, кәсіподақ ұйымдары бір күндік жалақыларын ерікті түрде аударған болатын. «Сол қордың қаражаты мұқтаж жандарға көмек ретінде беріліп жатыр», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз