Ақтөбе облысында төтенше жағдайлар қызметі 412 жолаушыны құтқарған

Қыс басталғалы Ақтөбенің жолдарында қар құрсауында қалған 412 адам адам құтқарылған. «Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиын барасында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда облыста төтенше жағдайлар саны 14 пайызға, зардап шеккендер саны 45 пайызға, өлім-жітім саны 35 пайызға төмендеген. Сондай-ақ , өткен қыста 1200-ден астам адам құтқарылып, 10 мыңнан астам адам қар құрсауынан шығарылды.
— «Самара-Шымкент» және «Ақтөбе-Орск» жолдарында жүк машиналар тұрағы үшін жылыту пункті бар 5 алаң жабдықталды. Облыста 119 күндізгі және 7 жылжымалы жылыту пункттері дайындалды. Дегенмен, осы қыс басталғалы жолдарда 33 апаттық жағдай орын алды. Онда 412 адамды, оның ішінде 72 жолаушыны құтқарып, 337 адамды қауіпсіз жерге апарып орналастырдық, — дейді Б.Сыздықов.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз