Қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

e01f13a655f218b7e9f0d84c1e0f5df8_xlАқтөбе қаласының әкімі І.Испановтың өкімімен 2017 жылғы 5 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары (бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орнына) болып Оразбаева Ләззат Аманжолқызы тағайындалды.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Л.Оразбаева 2019 жылға дейін А.Арынғазиеваның орнында болады.

Л.А. ОРАЗБАЕВА 1971 жылы туған. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін жалпы техникалық пәндер және физика, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы, құқық бакалавры, «Тұран-Астана» университетін педагогика және психология магистрі біліктіліктері бойынша аяқтаған.
Шалқар ауданында Тоғыз орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе қаласында №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшысы болып жұмыс атқарды.

Л.А. ОРАЗБАЕВА келесі мәселелерге жетекшілік жасайды:
— қорғаныс, жалпы әскери міндетті орындау, әскери есепке алу және әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды, сондай-ақ азаматтық қорғанысты ұйымдастыру;
— қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, тұрақты тұратын орындары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік адаптациялық орталығының қызметін үйлестіру;
— білім беру, мектепке дейінгі балалар тәрбиесі және оқыту, міндетті тегін орта білім берумен қамтамасыз ету;
— әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, ана мен баланы қорғау, қайырымдылық көмекті үйлестіру, тұрғындарды жұмыспен қамту;
— мәдениет және спорт, мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау, мәдени-сауықтыру және қалалық кітапханалардың жұмыстарын қолдау, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту, қалалық деңгейде спорттық жарыстар өткізу, спорттың әртүрлі түрлері бойынша қаланың құрама командаларының мүшелерін дайындау және қатыстыру;
— бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, мемлекеттік тіл мен Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту;
— жастар саясатын жүргізу;
— ауылдық округтердегі мектеп оқушыларын тегін тасымалдауды ұйымдастыру;
— мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау;
— облыстық маңызы бар қалаға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қажетті материалдарды Ақтөбе қалалық мәслихатының қарауына енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Пікір қалдырыңыз